Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

Сабина Асқарқызы

  • 25.02.2025

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) тоғыз ай ішінде 284,9 миллиард теңге шығынға ұшыраған, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлім етті.

2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ 9 ай ішінде алғаш рет инвестициялық шығынға ұшырады. Жалпы шығын сомасы – 284,9 млрд теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Бюро мәліметінше, бұл жағдайға негізінен нарықтағы құбылмалылық және әртүрлі экономикалық факторлар әсер еткен. Мұндай жағдай 2024 жылдың сәуір айынан бері болмаған.

Бағалы қағаздардың қайта бағалануы 252,1 миллиард теңге жоғалтуға әкелсе, сыртқы басқарушылардың жұмысы қосымша 120,2 миллиард теңге шығын әкелген.

DataHub сарапшылары мұны әлемдегі тұрақсыздықпен байланыстырады. Бұған Дональд Трамптың жаңа тарифтер енгіземін деп қорқытуы, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі төмендеуі, нарықтың күрт өзгеріске ұшырауы себеп болған дейді мамандар. Бұған қоса, теңге бағамы күтпеген жерден нығайып, қор тағы 52,9 миллиард теңге жоғалтты.  

Бағалы қағаздар 139,9 миллиард теңге кіріс әкелгенімен, бұл жалпы жағдайды құтқара алмады.  

Бағалы қағаздарды қайта бағалаудан туындаған шығындар – 252,1 млрд теңгеге жеткен.Ал сыртқы басқару шығындары – 120,2 млрд теңгені құрады.

Фото iStock

Байланысты жаналықтар

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

14.04.2025

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

12.04.2025

Жер саясаты және инвестиция: Ұлттық мүддені кім қорғайды?

11.04.2025

Зейнетақы қалай өседі? Министрлік жауап берді

19.03.2025

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы биыл ашылады

17.03.2025
MalimBlocks
Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

Жер саясаты және инвестиция: Ұлттық мүддені кім қорғайды?

Өзгерістер 20 сәуірден бастап күшіне енбек

Зейнетақы қалай өседі? Министрлік жауап берді

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 455 мың адам.

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы биыл ашылады