АЭС Қазақстанның қай өңірінде салынады?

Аймақтардың атом электр станциясын орналастыруға жарамды екені анықталды

Malim Админ

  • 16.08.2024

АЭС құрылысына байланысты Алматыда өткен қоғамдық талқылау кезінде «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ бас директоры Тимур Жантикин баяндама жасады. Ол елімізде атом энергетикасын дамытудың жоспарларын таныстырды.


- Қазақстанда атом станциясын салу мүмкіндігін зерттеу үшін арнайы «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы құрылды, мен оның директорымын. Үкіметтің тапсырмасы бойынша АЭС салуға екі аудан қарастырылды. Оның бірі – бүгінгі Абай облысындағы Курчатов қаласының маңы, екіншісі – Алматы облысындағы Үлтен ауылы. Осы екі ауданда АЭЖХА-ның (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) ұсыныстары бойынша зерттеулер жүргізілді және екеуі де атом электр станциясын орналастыруға жарамды екені анықталды. Содан кейін 2019 жылы жапон консорциумы тәуелсіз сараптама жүргізді. Олар біздің барлық құжаттарымызды, әдістемелерімізді зерттеп, алғашқы атом станциясы үшін Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңы жарамды деген қорытынды жасады, – деді спикер.

Тимур Жантикинге «АЭС-тің Балқаш көліне әсері қандай болады?» деген сұрақ та қойылды. Оның айтуынша, атом электр станциясының кесірінен Балқаш көлі тартылып кетеді деу қисынсыз.

- Атом станциясы көп су қолданғандықтан, Балқаш көлінде экологиялық мәселе туындауы мүмкін деген алып қашпа сөз бар. Су негізінде жұмыс істейтін салқындату мұнараларын пайдалаған жағдайда жоба бойынша жылына 61 млн текше метр су қолданылады. Ал шын мәнінде 30-40 млн текше метрден аспайды. 61 млн текше метр су деген не, бұл көл бетіндегі табиғи су булануының 0,3%-ына тең. Яғни, мұндай станция көлге ешқандай әсер етпейді, – деді маман.

Тимур Жантикиннің сөзінше,  атом электр станциясы салынса құрылыс, машина жасау, энергетика, ғылым және білім беру салаларында 8000-ға жуық жұмыс орны ашылады.

Оқи отырыңыз: Атом реакторлары қауіпсіз бе? Сарапшылар пікір білдірді

Фото: atomic-energy.ru 

Байланысты жаналықтар

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

07.11.2024

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

08.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

06.10.2024

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов референдумда дауыс берді

06.10.2024
MalimBlocks
Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

Шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Бақылаушылар арасында 6 елдің аккредиттелген тұлғалары бар

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов референдумда дауыс берді

Ол референдумның демократияны нығайту жолы екенін атап өтті