Айырмашылық – 8 млн тонна. АШМ деректер қайшылығын түсіндірді

АҚШ министрлігінің мәліметінше, елімізде өнім 8 млн тонна аз жиналған

Мәди Саматұлы

  • 11.01.2025

USDA мен Ауыл шаруашылығы министрлігі деректеріндегі 8 млн тонна көлеміндегі астық өнімділігі бойынша айырмашылық шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшесінің (USDA) деректері бойынша Қазақстан 18 млн тонна өнім жинаған, бұл бидайдың өнімдері туралы мәліметтер. Ал ҚР АШМ деректері бойынша 26,7 млн тонна — бұл дәнді дақылдар мен бұршақ дақылдарының (арпа, сұлы, бұршақ, жасымық және т.б.) өнімдері, оның ішінде бидай да бар. Бұл жерде ҚР АШМ ресми хабарламаларында 2024 жылғы жалпы өнім ішінде дәнді-дақылдар мен бұршақ дақылдарының кіретіндігі әрдайым көрсетіліп отыр. Ауыл шаруашылығы статистикасында осылай біріктірілген мәліметтерді жариялау қалыпты тәжірибе.

Облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша дәнді және бұршақ дақылдары 16,7 млн га алқаптан жиналып, орташа өнімділік 16,1 ц/га болып, алғашқы салмақта 26,7 млн тонна өнім алынған. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау» статистикалық нысаны бойынша мәліметтер жылына бір рет шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан өздерінің орналасқан жерінде статистика органдарына ұсынылады. Нақты мәліметтер БҰҰ Статистика бюросының сайтына ақпанның басында жарияланады. Алғашқы салмақтағы деректер соңғы деректерден орташа есеппен әртүрлі болуы мүмкін, себебі рефакция ескеріледі.

Басқа да дәлелдер, мысалы, тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеушілігі негізсіз. Мемлекеттік қолдау арқасында минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемінде оң динамика байқалады. Мысалы, соңғы 5 жылда тыңайтқыштарды қолдану көлемі 600 мың тоннадан 1,2 млн тоннаға дейін, ал осы кезеңде субсидиялар көлемі 1,7 есе өсіп, 27,3 млрд теңгеден 46,4 млрд теңгеге дейін артқан, деп жазды министрлік.

Ресми материалдарға сенуге, ақпарат пен авторларды таңдау кезінде мұқият болуға сұраныс білдіріледі.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

14.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елдегі мигранттарды жаппай депортациялауды қайта қолға алып, алғашқы жылы ішінде 1 миллион адамды елден шығаруды мақсат етіп отыр