457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әшімбаев банк секторындағы жағдайды сынға алды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев  Қазақстанның банк секторы 15-20 жыл бұрынғыдай қарқынды дамып жатпағанын айтты, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

"Қазақстанның банк секторында жоғары деңгейде шоғырланған, бірнеше ірі банктің үстемдігі байқалады. Соның салдарынан банк жүйесі икемділігін жоғалтып, 15-20 жыл бұрынғыдай дамымай отыр", – деді Әшімбаев.

Оның айтуынша, дәл осы себепті шетелдік банктердің келуі отандық банктер арасында бәсекелестікті күшейтіп, оларды жаңа технологияларды енгізуге, икемдірек болуға, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге және халыққа тиімдірек қызмет ұсынуға итермелейді.

"Шетелдік банктер тек тұтынушылық несиелеумен шектелмей, нақты экономика мен ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді де қаржыландыруы маңызды. Бұл бүкіл банк жүйесіне серпін береді", – деп түйіндеді Сенат төрағасы.

Фото: qazaq1913.com