Астаналықтар былтыр 625 млрд теңгеге сусын ішкен

Салада баға өсімі артқан

Мәди Саматұлы

  • 14.01.2025

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан бойынша тағам мен сусын саудасынан түскен жалпы түсім 1,3 трлн теңгені құраған. Бұл туралы Бірінші несие бюросы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұндағы бағаның өсім қарқыны алдыңғы жылғы көрсеткішінен 10%-ға асып түскен.

Соның жартысына жуығы, 47%-ы – 625 млрд теңге – Астанаға тиесілі. Алдыңғы 5 жылда бұл көрсеткіш орташа есеппен 45%-ды, ал 10 жыл бұрын шамамен үштен бірін ғана құраған еді, деп жазылған бюро хабарламасында.

2024 жылы Алматы мен Астана осы саладағы түсім көлемі бойынша сәйкесінше 318,5 млрд және 306,5 млрд теңгемен бірінші және екінші орындарға тұрақтаған. Ал өсу қарқыны Астанада айтарлықтай жоғары болған (+23% жылдық есеппен, инфляцияны ескергенде). Алматыда бұл көрсеткіш +8% жылдық өсіммен болды, ал 2023 жылы қалада түсім көлемі, тіпті, 6%-ға төмендеген болатын.

Жылдағы ең көп түсім желтоқсанда болған. Екі астанада да осы айда жылдық жалпы түсімнің 14%-ы түскен.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025
MalimBlocks