Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады – сарапшы

Сондай-ақ, наурыздағы шешімінде де Ұлттық банк сол күйі қалдыратынын айтады

Мәди Саматұлы

  • 15.01.2025

Ұлттық банк 17 қаңтарда базалық пайыздық мөлшерлемені қайта қарау туралы шешімін жариялайды. Қаржыгер Мұрат Темірханов бұл жолы базалық мөлшерлеменің өзгеріссіз қалады деп болжайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір ол 15,25%. Былтыр жыл соңында инфляциялық қысымдардың күшеюінен монетарлық реттеуші базалық мөлшерлемені бірден 1 пайыздық тармаққа көтерген еді. Қаржыгердің сөзінше, қазіргі инфляцияның үдеуі, инфляциялық күтілімдердің өсуі және теңгенің әлсіреуі жағдайында Ұлттық Банк қазіргі мөлшерлеме деңгейін сақтап қалуы ықтимал. Себебі, айырбас бағамы әлсіреп, бағалар өсіп жатыр.

Оның пікірінше, баға өсімінің және инфляциялық күтілімдердің өсуіне әсер еткен маңызды факторлардың бірі – халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер тарифтерінің, атап айтқанда, мемлекет реттеп отырған коммуналдық қызметтер ақысының қымбаттауы.

Қаңтарда валюталарға деген сұраныс маусымдық түрде салыстырмалы түрде төмен, сондықтан осы айдың басында біз қазақстандық нарықта 50% міндетті валюта сату ережесі мен Ұлттық қордан түскен жоғары деңгейдегі трансферттерді ескере отырып, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өзгермей қалады деп күткен едік. Алайда, қаңтар айында теңге әлсірей берді, Ресейге қарсы қосымша санкциялар салынғаннан кейін мұнай бағасының өсуіне қарамастан, бұл теңгенің нарықтағы бағамын күшейтуі тиіс еді, дейді ол.

Сондықтан, сарапшының болдамына қарағанда, ішкі және сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, Ұлттық Банк қатаң ақша-кредит саясатын сақтауға мәжбүр болады, сондықтан базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстауды жалғастырады. Сол себепті Ұлттық Банктің алдағы отырыста базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыратынына және осы жылдың наурызындағы екінші отырыста да сол шешімін қабылдайтынына сенімді.

Фото: Ұлттық банк

Байланысты жаналықтар

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

11.04.2025

Елімізде доллар арзандай түсті

11.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

10.04.2025

Жаңбыр, найзағай, жел: бүгін ауа райы қандай болады?

08.04.2025
MalimBlocks
Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Елімізде доллар арзандай түсті

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

Жаңбыр, найзағай, жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын айтты