Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануда өзгерістер енгізілді

Экономика
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануда өзгерістер енгізілді

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.

Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және жақын туыстарына беру көзделген.

Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу