Бізді дефолт күтіп тұр ма? Министр Байбазаров не дейді?

Еліміздің құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарға тәуелділігі бар

Malim Админ

  • 02.12.2024

Валюта нарығындағы құбылмалық барлық уақытта болды және бола да береді. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.


— Ең алдымен, ешқандай дефолт күтілмейді. Жалпы, қаржылық жай-күй тұрақты, мемлекеттің қоры бар. Сонықтан бұл орайда дефолт жайлы айтудың жөні жоқ, — деді Нұрлан Байбазаров БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, еліміздің құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарға тәуелділігі бар. Дегенмен, Үкімет негізгі тауарлар импортына тәуелділікті төмендетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар вице-премьер валюта нарығындағы құбылмалық барлық уақытта болған және бола да беретіндігін баса айтты.

—Мұндай құбылмалық барлық уақытта болды және валюталық құбылмалық бола да береді. Мәселе, валюталық бағамның мұндай құбылмалығының теріс ықпалын төмендету үшін оған қалай әрекет етуде, қандай алдын алу шараларын қабылдауда. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың арқасында мұндай тәуекелдердің іс жүзінде жоқ екендігін айта аламын. Өйткені, мұндай тәуекел түрлеріне белгілі бір құралдар бар және олар жұмыс істеп тұр. Яғни, компаниялар банктер жобалар жүзеге асырылып жатқан кезде өздерін қалай сақтандыру керектігін біледі, - деді ол.   

Фото:  NUR.KZ / Владимир Третьяков 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшылар биылғы инфляцияны 6,9-7,5% аралығында болжады

10.01.2025

Биыл зейнетақы мен жәрдемақы 14%-ға өсті

05.01.2025

Шымкенттің дамуы күн тәртібіндегі мәселе

22.12.2024

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

12.12.2024

Ломбардтан алған қарыз несие тарихына әсер ете ме?

12.12.2024

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12.12.2024
MalimBlocks
Сарапшылар биылғы инфляцияны 6,9-7,5% аралығында болжады

Сарапшылар болжамын Ұлттық банк жариялады

Биыл зейнетақы мен жәрдемақы 14%-ға өсті

Салаға 6,1 трлн теңге қарастырылған

Шымкенттің дамуы күн тәртібіндегі мәселе

Биыл қала экономикасының өсімі 12%-ға жеткен

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Ломбардтан алған қарыз несие тарихына әсер ете ме?

Несие рәсімдеу кезінде банк қарыз алушының қаржылық жағдайын толық тексереді

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі