Мұнай бағасы құлдырап жатыр

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы күрт төмендеп жатыр. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден импортталатын тауарларға жаңа кедендік баж салығын енгізу туралы шешіміне байланысты

Сұлу Бөлек

  • 04.04.2025

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы күрт төмендеп жатыр. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден импортталатын тауарларға жаңа кедендік баж салығын енгізу туралы шешіміне байланысты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

2025 жылғы маусымға арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Лондондағы ICE биржасында 7,08 пайызға төмендеп, Астана уақытымен 08:25-те бір баррель үшін 69,64 доллар болды.

Ал WTI маркалы мұнайдың мамырға арналған фьючерстері 7,36 пайызға құлдырап, бір баррель үшін 66,43 долларға дейін түсті.

Еске салайық, «қара алтынның» бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден келетін тауарларға жоғары кедендік тариф енгізуінен кейін төмендей бастады.

Қазақстан да АҚШ енгізген жаңа тарифтерге іліккен елдердің қатарына кірді. Біздің ел үшін белгіленген тариф мөлшері – 27 пайыз. Бұл шешімге қатысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі пікір білдіріп, сарапшылар өз көзқарастарын айтты.

Сонымен қатар, ОПЕК+ ұйымына мүше сегіз ел биылғы мамырдан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге арттыратынын мәлімдеді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті