Екі өңірде АӘК алатындарға тауарлық газға ваучер беріледі

Осындай құжат мәтіні жария талқыға түсті

Мәди Саматұлы

  • 02.11.2024

Энергетика министрлігі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Пилоттық жоба Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында іске асырылмақ.

Министрліктің мәлімдеуінше, жобаның мақсаты – әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларды тауарлық газды төлеуде жеңілдіктермен қамту және автоматтандыру. Жоба аясында «Отбасының цифрлық картасы» аналитикалық шешімі арқылы проактивті түрде халыққа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі. Жоба 2024 жылдың 5 қарашасынан 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін жұмыс істейді.

Әлеуметтік көмек алушыларға арнайы әзірленген алгоритм бойынша, бірыңғай 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл хабарлама eGov-mobile қосымшасын орнату қажеттілігі туралы ескертіп, онда «Әлеуметтік әмиян» қызметі көрсетіледі. Осы қызмет арқылы алушылар АО «QazaqGaz Aimaq» абоненттік шотына тауарлық газ ваучерін қоса алады.

Ваучер құны сол айдағы газ тұтыну көлеміне қарай анықталады. Құжат қоғамдық талқылау үшін 15 қарашаға дейін «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

20.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

17.04.2025

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

02.04.2025

Түркістан облысында АГҚС-тағы жарылыстан адамдар қаза тапты

22.03.2025
MalimBlocks
Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының ресейлік компанияға сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Түркістан облысында АГҚС-тағы жарылыстан адамдар қаза тапты

Түркістан облысында автогаз құю станциясында (АГҚС) жарылыс болып, екі адам көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды