Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде электроника бағасы күрт өскен

Экономика
Елімізде электроника бағасы күрт өскен

Өткен айда «Аудиовизуалдық жабдық, фотоаппаратура, ақпаратты өңдеу жабдықтары» санатында бағалар Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 19,7%-ға өсті. Бұл туралы Бірінші несие бюросы телеграм-арнасы жазды.

Ондағы мәлімет бойынша, диагоналы 43-49” теледидарлар 26,9%-ға қымбаттаған. Өнімнің бұл түрі бойынша деректер 2021 жылдан бері жарияланып келеді және осы жылдар ішінде мұндай күрт қымбатшылық ешқашан болған емес. Мұндай көрсеткіштер 2011 жылдан бері теледидар статистикасында мүлдем кездескен жоқ.

Сымсыз құлаққаптар бағасы бір айда 26,9%-ға өсті. Мұнда да солай, 2021 жылдан бері баға бұлай күрт шарықтамаған. Жалпы, 2019-2020 жылдардағы статистикада пайда болған құлаққаптар дәл осындай қарқынмен қымбаттамаған.

Ноутбуктер болса сәуірде бағасын 19,7%-ға арттырған.

Бір қызығы, дәстүрлі түрде импортталатын бұл өнімнің барлығы теңге бағамының күшті болуына қарамастан бағасын өсірген.

Фото: ichip.ru

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу