Елімізде несие алуы қиындай түспек

Арман Қайыпхан

  • 30.04.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие беру ережелерін тағы қатаңдатты. Агенттік тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуді көздейді, деп жазады Malim.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді және тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған.

Жоба төмендегідей ережелерді қамтиды:

  1. банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік мақсаттар үшін жеке тұлғаларға жаңа несиелер беру кезінде қарыз жүктеме коэффициентін (ҚЖК) есептеуге міндетті болады;
  2. соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушылар төмендетілген ҚЖК алады (0,25 деңгейінде);
  3. соңғы үш жылда берешегі кешірілген, нәтижесіз қайта құрылымдаулар, сондай-ақ 5 жылдан астам мерзімге тұтынушылық несиелері бар жеке тұлғаларды несиелендіруге тыйым салынады;
  4. 3 жылдан астам мерзімге берілген кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша тәуекелді өлшеу коэффициенті 350%-ға дейін ұлғайтылады.
Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

09.04.2025

«Меценат күйеуіміз жоқ». Кредит алатын адамдарды кінәлаған Динара Сәтжанның өзі сөзі естіді

18.03.2025

Қорғаныс министрлігі сарбаздарға кредиттік демалыс» беріп жатыр

06.03.2025

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

16.02.2025
MalimBlocks
Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

«Меценат күйеуіміз жоқ». Кредит алатын адамдарды кінәлаған Динара Сәтжанның өзі сөзі естіді

Ол қаржылық сауаттылық туралы ойын ортаға салды.

Қорғаныс министрлігі сарбаздарға кредиттік демалыс» беріп жатыр

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды