457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

Қазақстанда жоғары жалақы алатындар үшін салық салу жүйесін енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, салық мөлшері айлық табысқа емес, жылдық жиынтыққа қарай есептеледі.

"Жалақы бойынша үдемелі салық болады. Онда меже сәл өзгеше: жылына 33 миллион теңгеге дейін – 10 пайыз, 33 миллионнан жоғары – 15 пайыз. Иә, Қазақстанда мұндай жалақы бар, бұл шамамен айына 3 миллион теңге. Салықтық есеп бойынша 3 миллион теңгеден жоғары жалақы алатын жалдамалы жұмыскерлер саны – шамамен 26 700 адам. Есеп айлық емес, жылдық табысқа қарай жүргізіледі. Мысалы, егер менің жалақым жылына 33 миллион теңгеге дейін болса – 10 пайыз, одан жоғары болса – 15 пайыз мөлшерінде", – деді Амрин Мәжіліс кулуарында.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберіледі. Негізгі өзгерістер: ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өседі, ал ҚҚС бойынша шекті мөлшер 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін көтеріледі.

Фото: Pixabay.com