Картоп бағасын көтеру бойынша 49 заңбұзушылық анықталды – Сауда министрлігі

Министрлік қазір картоптың елдегі орташа бағасы 322 теңгеге түскенін мәлімдеді

Мәди Саматұлы

  • 22.01.2025

Жыл басынан бері сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заңбұзушылық анықталған. Анықталған барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданады, деп хабарлайды Malim.kz.
Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, министрліктің ірі сауда желілерімен өткізілген кездесулерінің нәтижесінде, бүгінде Астанадағы Small желісінде картоптың орташа бағасы 280 теңгеге, ал Magnum желісінде 185 теңгеге дейін төмендеген. Сауда комитетінің мониторингі бойынша, қазір Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы – 322 теңге. Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде – елдің барлық аймағында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр.

Аймақтардың тұрақтандыру қорларында жинақталған картопты сату жалғасып келеді. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тоннаны құрайтын картоптың 23,6 мың тоннасы сатылды. Соңғы 3 күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында – 300 тонна, Шымкентте – 600 тонна, Түркістан облысында – 300 тонна және т.б. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар, деп жазылған министрлік хабарламасында.

Аталған шаралар ішкі нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал еткен.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

04.04.2025

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

01.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады