«Көпке созбайық». Бектенов үкіметі президент тапсырмасын орындауға белсене кірісті

Үкіметте президенттің кеңейтілген отырыстағы тапсырмаларына байланысты кеңес өтті

Мәди Саматұлы

  • 29.01.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.

Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Біз инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс. Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже, орталықта да, жергілікті жерлерде де әрбір басшының тиімді жұмысы қажет, деді Олжас Бектенов.

Ол сондай-ақ, инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, әуре-сарсаңға салмай, керісінше, кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыттар, кәсіпорындар, өндірістер салуына көмектесу керек екенін баса айтты.

Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет. Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр, деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Президент этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді

21.03.2025

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2025

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

20.03.2025

Израиль президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

20.03.2025

Тоқаев АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесін қабылдады

20.03.2025

Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды

20.03.2025
MalimBlocks
Президент этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Израиль президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады

Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 23-24 сәуірде өтеді