freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Саясат
Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігінде жаңа кадрлық өзгеріс болды. Жаңадан тағайындалған облыс әкімі орынбасарының мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және техникалық реттеу салаларында мол тәжірибесі бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды. Оның орнына Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша Шыңғыс Сүйінбаев тағайындалды.

Жаңа орынбасарды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.

— Оның тәжірибелік білімі мен кәсіби дағдылары облыс әкімінің орынбасары қызметінде өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Шыңғыс Сүйінбаев еңбек жолын «ҚазМетрИн» РМК жанындағы Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық метрология қызметі» ЕМК Алматы филиалында 1-санатты маман болып бастаған. Кейін тексеру зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Әр жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде, сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде басшылық қызметтер атқарды.

2022-2023 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болды.

2023 жылғы қарашадан бастап осы тағайындауға дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу