Қазақстанда неке қию үшін ең танымал ай – маусым, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, маусым айында елімізде 15 192 неке тіркелген.
Рейтингте екінші орынға шілде айы жайғасты. Бұл айда 11 674 жұп некесін ресми тіркеген. Ал үшінші орында – сәуір айы. Мұнда 8 001 неке қиылған.
Өңірлер арасында некеге тұру саны бойынша Алматы, Астана және Түркістан облысы көш бастап тұр.