freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

Білім-ғылым
Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
Фото: ЖИ

Магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасы: https://t.me/gylym_jogary_bilim
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы: https://t.me/uto92
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу