freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ертісбаев саясаттан кететінін мәлімдеді

Қоғам
Ертісбаев саясаттан кететінін мәлімдеді
Фото: видеодан кадр

Қазақстан Халық партиясының бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев саясаттағы белсенді қызметін аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл шешім ҚХП Құрылтай сайлауында 5 пайыздық межеден өте алмағаннан кейін қабылданған.

Алдын ала қорытынды бойынша, партия сайлаушылардың 3,11 пайыз дауысын жинаған.

Ермұхамет Ертісбаев видеоүндеуінде белсенді саясаттан кететінін айтып, бұл кезеңді аяқталған деп санайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, Қазақстандағы социализм идеясы қоғам тарапынан жеткілікті қолдау таппаған. Саясаткер партия бұл идеяны халыққа түсінікті әрі сенімді түрде жеткізе алмаған болуы мүмкін екенін атап өтті.

Енді Ертісбаев халықаралық саясатты талдауға, тарих пен ағартушылық бағыттағы жұмыстарға көңіл бөлуді жоспарлап отыр. Ол партияластарына табандылық пен сәттілік тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу