freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды

Саясат
Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды
Фото: Ұлттық банк

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы лауазымын сақтап қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды”, – деп жазды Ақорда.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін "Әлеуметтік салалардағы экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірген (2000 ж.).

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетінің магистратурасын "Қаржы" мамандығы бойынша "Бизнес магистрі" дәрежесімен бітірген (АҚШ, 2002 ж.).

2002-2006 жж. – Ernst & Young Kazakhstan – салық бойынша кеңесші.

2006-2009 жж. – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" мұнай-газ компаниясы – Салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаментінің директоры.

2009-2010 жж. – Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010-2012 жж. – Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012-2016 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр).

2016-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2019 ж. –  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

2019 ж. –  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019-2022 жж.  – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары.

2022-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2023 жылы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің №334 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу