freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құрылтай сайлауы: шетелдік БАҚ қалай қамтыды?

Саясат
Құрылтай сайлауы: шетелдік БАҚ қалай қамтыды?
Malim.kz

Қазақстандағы Құрылтай сайлауын Reuters, Associated Press, Al Jazeera, Deutsche Welle және басқа да халықаралық ақпарат құралдары жариялады. Олардың материалдарында сайлаудың жаңа Конституциядан кейін алғаш рет өтіп отырғаны, жаңа парламенттің құрылымы мен саяси жүйедегі өзгерістерге назар аударылған.

Түркияның Anadolu агенттігі сайлауға арнайы бірнеше материал арнады. Агенттік Қазақстанда жаңа Конституция негізінде 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өткенін атап өтті. Сайлауға жеті саяси партиядан 545 кандидат қатысып, депутаттар бес жылдық мерзімге сайланады.

Anadolu Құрылтай атауының тарихи мәніне де тоқталған. Агенттік жаңа парламенттің атауы дала өркениетіндегі дәстүрлі құрылтайлармен байланысты екенін, бұл ұғымның көшпелі қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап, ортақ шешім қабылдайтын жиындарды білдіргенін жазды.

Сайлау күні агенттік ел бойынша 10 мыңнан астам учаске ашылғанын, ал шетелдегі қазақстандықтар үшін 61 елде 79 учаске жұмыс істегенін хабарлады. Дауыс беру аяқталған кезде Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйеніп, қатысу көрсеткіші 74,19 пайызға жеткенін жазды.
Anadolu сондай-ақ жаңа жүйеде барлық 145 депутаттың партиялық тізім арқылы сайланатынын, сайлауға жеті партия қатысқанын және парламентке өту шегі 5 пайыз екенін көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу