Негізгі азық түрлері соңғы 2,5 жылда қатты қымбаттаған

Әсіресе, картоп пен күнбағыс майы бағасы шарықтаған

Мәди Саматұлы

  • 17.01.2025

Негізгі қажетті тауарлардың бағасы соңғы 2,5 жылдан астам уақыт ішінде рекордтық деңгейде өсті. Бұл туралы Бірінші несие бюросы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның мәліметінше, 8-14 қаңтар аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,5%-ға өсті. Алдыңғы рет осындай жоғары апта сайынғы өсу 2022 жылдың сәуір айында байқалған болатын, сол кезде ӘМАТ бағасы наурыз айындағы аномалды өсу кезеңінен кейін қалыпты деңгейге оралып еді.

ӘМАТ-тың қымбаттауы 13 апта бойы жалғасып келеді. Бұл, шынымен де ұзақ уақытқа созылып отыр: соңғы екі жылдың маңызды кезеңдерінде мұндай созылмалы өсу байқалмаған еді. 

Жалпы алғанда, 19 негізгі азық-түлік өнімінің 10-ы тұтынушылар үшін қымбаттады. Ең қиын жағдай картоп пен күнбағыс майында: олардың бағасы шектен тыс өскен.

Картоптың бағасы 4,7%-ға көтерілді. Бұл өсім қаңтар айының өзінде экстрималды болып көрінеді, бір аптаның ішінде осындай жоғары көрсеткіш өте сирек кездеседі. Мысалы, 2015-2024 жылдар аралығында қаңтар айында картоптың орташа бағасы 2,9%-ға қымбаттаған. Бұл өсу маусымдық факторларға байланысты емес екенін түсіну қажет. Картоптың бағасы дәстүрлі түрде мамыр және маусым айларында қатты көьеріледі, себебі көкөніс сақтау қоймаларының жеткіліксіздігі және қажетті климаттық жабдықтардың жоқтығы осы кезеңде картоптың бұзылуына әкеп соғады, бұл өз кезегінде бағаның күрт ауытқуына себеп болады, деп жазылған бюро мәліметінде.

Күнбағыс майының бағасы 1,8%-ға қымбаттады (2022 жылдың басынан бері ең жоғары көрсеткіш). Бұл — көптеген тағамдардың негізгі ингредиенті соңғы 26 апта бойы үздіксіз қымбаттап жатыр, ал бұған дейін, 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың шілдесіне дейін тұрақты түрде арзандап келген еді. Еске салсақ, 2023 жылдың ақпанында күнбағыс тұқымдарына экспорттық баж салығы енгізілген болатын. Бұл шараның мақсаты — жергілікті күнбағыс майын өндірушілерге жеткілікті шикізат қамтамасыз ету арқылы өндірістерін толығымен жүктеп, бағаларды төмендету еді.

Қызықтысы, фермерлердің наразылығына қарамастан, қазір баж салығы әлі күнге дейін күшінде қалып отыр және сол бұрынғы деңгейінде. Осылайша, күнбағыс тұқымдарының экспорты азайып, күнбағыс майының экспорты керісінше артты. Мысалы, 2024 жылдың 11 айында күнбағыс тұқымдары экспорты өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға азайса, күнбағыс майының экспорты 22%-ға өсті.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

04.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады