Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескере отырып, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады

Malim Админ

  • 06.12.2024

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, оның шеңберінде Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды.


Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар басшылары баяндама жасады.

Сонымен қатар Комиссияға «Шар стансасы – Өскемен» теміржол желісі бойынша тасымалдау процесін қамтамасыз ететін «Dosjan Temir Joly» АҚ компаниясының қызметі туралы ақпарат берілді. Уәкілетті органдар компанияның монополиялық ережені пайдалана отырып, қызметтерге тарифтерді бірнеше рет негізсіз көтергенін анықтады, осыған байланысты Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескере отырып, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады.


Сондай-ақ Комиссия «Шет-Энерго» ЖШС электр энергетикасын тарату компаниясының қызметін талдау нәтижелерімен танысты. Аталған компанияның тұрақты апатты жағдайларға жол беруіне байланысты, сондай-ақ өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу үшін компанияның мүлкін мемлекет пайдасына реквизициялау мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар Комиссия «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясының, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының, мұнай-химия кешені субъектісінің қызметіне қатысты мәселелерді қарады.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Президент премьер-министрді қабылдады

17.12.2024

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

12.12.2024

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12.12.2024

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

12.12.2024

12 желтоқсанға арналған валюта бағамы

12.12.2024

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

12.12.2024
MalimBlocks
Президент премьер-министрді қабылдады

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

12 желтоқсанға арналған валюта бағамы

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттері валюталар: доллар, еуро және рубльді сатып алу-сатудың орташа бағамы қандай?

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

Үкімет активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді