Павлодарда сегіз ай ішінде 32 экономикалық заң бұзушылық тіркелген

Келтірілген залал сомасы – 1,2 млрд теңге

Malim Админ

  • 28.08.2024

Өңірде жыл басынан бері экономикалық заңбұзушылық бойынша 32 іс тіркелген. Қазіргі күні оның 12-сі сотқа жіберілген. Келтірілген залал сомасы – 1,2 млрд теңге.


Kazinform.kz жазуынша, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2023 жылы 15 істі тергеген. Оның 12-сі сотқа жіберілген. Нәтижесінде мемлекетке 348 млн теңге залал келгені анықталып, 14 адам сотталған. Ал, жыл басынан сотқа дейінгі 32 тергеу тіркеліп, оның 12-сі сотқа жіберілді.

Департаменттің екінші жедел басқармасы басшысының орынбасары Николай Пахомовтың айтуынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы бойынша 15 қылмыстық іс тіркеліп, оның 14-і сотқа жолданған. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрады (8 адам сотталды).

– Мәселен, департаментпен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалы Павлодар учаскесі бастығының заңсыз қызметі әшкереленді. Ол өзінің лауазымдық жағдайын жүйелі негізде пайдалана отырып, қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған. Сот азаматтың бас бостандығын 3,6 жылға шектеді. Ал «Павлодар қаласының балалар-жастар спорт орталығы» мекемесінде алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адам еңбекақыны және өзге де төлемдерді заңсыз аудару жолымен жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны анықталған, - дейді Николай Пахомов.

Бұған қоса «Богатырь-Көмір» ЖШС-де 2020-2022 жылдар аралығында жүйелі негізде ақша қаражатын ұрлаумен айналысып келе жатқандардың істері әшкере болды. Олар техникалардың ескі қосалқы бөлшектерін жаңа деп көрсетіп, кәсіпорынға әкеліп отырған. Кәсіпорынға келтірілген залал – 120 млн теңге. Кінәлі тұлғалар ұсталып, 6 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. 

Фото: Павлодар облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

02.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды