«Қарапайым заттар экономикасы»: Үкімет қандай жеңілдіктер жасайды?

Malim Админ

  • 21.07.2020

2018 жылдан бастап айтыла бастаған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету үшін және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрмыс пен әлеуметтік өмірде жиі тұтынатын заттарды өндіруді дамыту үшін құрылғаны белгілі. Бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асқанда шағын және орта кәсіпке жан-жақты қолдау, ел экономикасына тірек болатыны түсінікті. Қазір бұл бағдарлама қай деңгейде орындалып жатыр, қай сатыда тұр? Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкіметтің селекторлық отырысында айтылды.

Отырыста айтылған басты ақпарат – бұған дейін 500 миллионға жуық теңгеге 2 мыңнан аса жобаның мақұлданғаны. Тұрмыстық бұйымдар, тоқыма өнімдері, жиһаз жасау, азық-түлік өнімдері сияқты тауарлар өндірумен айналысатын үлкенді-кішілі 2 мыңнан аса жоба бар деген сөз. Осы екі мың жоба жұмысын бастап, тауарын нарыққа шығарса, біз көп айтып жүрген отандық өнім тізімі көбейеді деген сөз. Үкіметтің селекторлық отырысында бұл бағдарламаны одан әрі дамытып, жергілікті жерлерде дамыту және қолдау мәселесі сөз болды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысқан жиында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының бағыттары, жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы сөз болды. Тиісті адамдар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің бизнес-үдерістерін оңтайландыру туралы; құрылыстағы қазақстандық қамтуды дамыту туралы; реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алуларындағы жергілікті қамту туралы баяндамалар жасап, атқарылған, атқарылуға тиіс шаруалар жайынан есеп берді.

Жиында белгілі болғаны – 491,5 миллион теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданған. Бұл мәселе бойынша Алматы облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы көш бастап тұр. Олар өз өнімдерімен Қазақстанды қамту бойынша үздік деп танылып отыр. Тіпті, жекелеген салаларда 70 пайызға дейін жергілікті қамтуға қол жеткізген. Демек, өндірісті бұдан әрі дамтыа түссе, сырттан келетін өнімдердің орнын отандық өнімдер басады деген сөз. Бұдан әрі – экспорт мәселесі де сөз бола бастайтыны сөзсіз. Экономканың басты көрсеткіштері де осы екеуі болса керек: өзіңді қамту және өзгеге сату. Дегенмен, бұл бағцыттар бойынша артта қалған өңірлер де бар. Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл облыстары қарапайым заттарды өндіру ісі бойынша онша бір шалқып отырған жоқ. Айтпақшы, тұрғындары миллионнан асатын үш мегаполистің екеуі Шымкент және Елорда қалалары да бұл жағынан мақтана алмайды.

Айта кетерлігі, отандық өнім бойынша құрылыс материалдарын өндіру алдынғы орында тұр. Оның себебі де түсінікті, соңғы жылдары Қазақстанда құрылыс нысандары көптеп салынғаны белгілі. Үлкен ғимараттар ғана емес, жекеменшік үйлер мен шағын нысандардың да көптеп салынуы бұл тараптағы сұранысты арттырған. Соңғы 10 жылда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 176 миллиард теңгеден 586 миллиард теңгеге артқан. Бұл дегеніңіз 10 жылда 3,3 есеге көбею деген сөз. Әрине, 10 жылда 3 есе өсу соншалық керемет көрсеткіш деуге келмес, дегенмен, салыстырмалы түрде өзге өндіріс салаларына үлгі боларлық нәрсе.

Өзге өндіріс салаларын дамыту үшін мемлекеттің көрсететін басты қолдауы – қаржылық-несиелік қолдау. Соңғы жылдары екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, кәсіп ашам, іс жүргізем деген заңды және жеке тұлғаларға берілетін кредиттердің үстеме пайызын азайту туралы аз айтылған жоқ, нәтиже де жоқ емес сияқты. Ендігі мәселе, кәсіп ашам деген шағын және орта бизнес өкілдерінің ісін тез арада жолға қоюына мүмкіндік беру. Бұл тараптағы атқарылатын шаруалардың дені – құжаттама бойынша болатыны түсінікті. Өтініш беру, оның мақұлдануы, талап етілетін құжаттар, т.б. мәселелер кәсіпкерлерді аз шаршатпайды. Осыған орай, үкімет басышысы осындай рәсімдік тосқауылдарды жою туралы тапсырма берді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселені Қаржыгерлер қауымждастығы мен екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып шешуге тиіс. Несие беруді оңтайландыру, бизнес процестерін жеделдету, несеге берілген өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту, құжаттар тізбесін азайту, кепілсіз несие беру мәселесін дамыту (кепіл саясатын жеңілдету) сияқты мәселелер әлі де болса жолға қойылуға тиіс.

Сондай-ақ, отандық өнім өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуына байланысты қойылатын құжаттық талаптар мен жүйелік тосқауылдар азаюға тиіс. Осыған орай премьер-министр бұл мәселені Қаржы министрлігіне «Атамекен» ҰКП және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бір апта мерзім ішінде арнайы іс-қимыл алгоритмін дайындауды тапсырды.

Шағын дәне орта бизнесті дамыту мен қарапайым заттарды өндіру және өңдеу ісін дамыту үшін президент берген тапсырмаға орай, үкіметтің алдында бизнестің қарсы міндеттемелерін бақылауды цифрландыру мәселесін алдағы екі ай ішінде шешу және бизнесті мемлекеттік қолдауға байланысты жеке-жеке заңнамалық түзетулер пакетін дайындау міндеті тұр.

Байланысты жаналықтар

Үкімет өңірлердің 2025 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді

10.10.2024

Олжас Бектенов: Жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу қажет

08.10.2024

Өңдеу қуаты жылына 1 млн тонна болатын қант зауытының жобасы таныстырылды

08.10.2024

Қызылша өсірушілер субсидия мен төлем мәселесін Үкіметте көтерді

05.10.2024

Үкіметте Қазақстан мен Халықаралық валюта қорының ынтымақтастық жоспарлары талқыланды

01.10.2024

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

25.09.2024
MalimBlocks
Үкімет өңірлердің 2025 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді

Олжас Бектенов: Жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу қажет

Үкіметте жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды.

Өңдеу қуаты жылына 1 млн тонна болатын қант зауытының жобасы таныстырылды

Болашақ зауыттың орны Жамбыл облысында деп белгіленді

Қызылша өсірушілер субсидия мен төлем мәселесін Үкіметте көтерді

Үкімет оларға тапсырған өнімі үшін төлемін жақында алатынын уәде етті

Үкіметте Қазақстан мен Халықаралық валюта қорының ынтымақтастық жоспарлары талқыланды

Вице-премьер экономиканың үздіксіз өсуін және биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша оны 3,7%-ға дейін жеделдетуді баса айтты

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады