Қазақстан ОПЕК+ келісімін сақтайтынын растады
Қазақстанның Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімдері бойынша міндеттемелерді қатаң сақтау туралы мәлімдеп, алдағы екі жылда артық мұнай өндірісін өтеу үшін қажетті шараларды қабылдауға дайын екендігін хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Теңіз кен орнын кеңейту нәтижесінде Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 мың тоннаға дейін арттырды. ОПЕК+-пен бірлескен министрлік мониторингтік комитетінің 58-ші отырысында Қазақстан тағы да келісімге адалдығын растады.
«Бұл жылы Теңіз кен орнын кеңейту жобасы аясында мұнай өндіру көлемінің артуына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын нақтылады және халықаралық құқық негізінде серіктестерімен келіссөздер жүргізуді жалғастырады», – деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.
Қазіргі уақытта Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттыру мен картель алдындағы міндеттемелер арасындағы теңгерімді сақтау үшін жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Фото: ҚР Энергетика министрлігінікі