Қазақстанда 1 шілдеден бастап сұйытылған газ қымбаттайды

1 тонна газ 45 мың теңге болмақ

Арман Қайыпхан

  • 10.06.2024

Энергетика министрлігі сұйытылған газ бағасын түзетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда.

Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі, - деп жазылған хабарламада.

Энергетика министрлігі бағаны көтеруге бірнеше себеп бар деп отыр:
Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.
Жылдан жылға СМГ тұтыну көлемі күрт өсіп жатыр. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Мәселен, 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады (2022 жылы 1,8 млн тонна). Қазіргі таңда тапшылық деңгейі шамамен 20-25 %-ға жетеді.
Қазақстандағы СМГ ең төмен бағалардың бірі-аймаққа байланысты – 54-тен 86 теңгеге дейін. Салыстыру үшін Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.
Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40%-ды құрауы мүмкін.
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр.
Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға салынған тыйым ұзартылған еді.
Фото: Энергетика министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

11.10.2024

Астанада дәмханалардың бірінше газ баллоны жарылды (ФОТО)

28.09.2024

СҚО-да бір отбасы газға уланып қалды

12.09.2024

Украина әскері Курск облысының бірнеше елдімекенін басып алды

09.08.2024

Бектенов Атырау облысындағы мұнай-газ өнеркәсібін тексерді

02.08.2024

Энергетика секторына заманауи технологиялар енгізіліп жатыр

31.07.2024
MalimBlocks
Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Астанада дәмханалардың бірінше газ баллоны жарылды (ФОТО)

СҚО-да бір отбасы газға уланып қалды

Украина әскері Курск облысының бірнеше елдімекенін басып алды

Ресейдің Курск облысына Украина Қарулы Күштері төрт күннен бері шабуылын тоқтатқан жоқ. Бейсенбіде УҚК жауынгерлері қарсы тарапты тосқауыл береміз деген пәрменіне қарамастан аталған өңірдің 10 шақырым аумағын жаулап алып отыр.

Бектенов Атырау облысындағы мұнай-газ өнеркәсібін тексерді

Энергетика секторына заманауи технологиялар енгізіліп жатыр

Бұл көрсеткіштер еліміздің электр желілік инфрақұрылымының тұрақтылығын көрсетеді