Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

Сұлу Бөлек

  • 09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Мәжілісте қаралып жатқан жаңа Салық кодексінің жобасында тиісті нормалар көрсетілген.

"Біз салықтар, төлемдер мен алымдардың санын қысқартамыз. 12 салықтың орнына 11 салық болады. 10 төлемнен екі төлем алынады: жарнама орналастыру төлемі мен лицензияларды пайдалану төлемі. Үш төлем біріктіріледі: су ресурстарын пайдалану, орман және жануарлар дүниесін пайдалану төлемдері. Бұл төлемдер бір төлемге біріктіріліп, табиғи ресурстарды пайдалану төлемі болады", — деп мәлімдеді Серік Жұманғарин Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.

Бұл төлемдер бойынша ставкалар саны 77-ге қысқартылатын болады.

Сонымен қатар, құжат әзірлеушілер алты түрлі жинақтарды қысқартуды ұсынып отыр. Оларға 34 ставка алып тасталады.

Бұдан бөлек, бес түрлі мемлекеттік баж салығы алып тасталып, 51 ставка қысқартылады.

Еске салайық, қазір Мәжіліс салық кодексіне енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда қарастырып жатыр. Бұған дейін жаңартылған кодекстегі НДС ставкасы 16 пайыз болатыны, ал НДС бойынша шек 10 000 МРП (шамамен 40 миллион теңге) деңгейінде белгіленетіні айтылған еді. 

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

09.04.2025

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

09.04.2025

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

09.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ