Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Malim Админ

  • 16.04.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауабында Қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту қорының жарғылық капиталын көбейту туралы бюджеттік өтінім әзірленгенін мәлім етті. 

Қазіргі таңда қордың жарғылық капиталын ұлғайту бағытында жұмыстар істеліп жатыр. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін 120 млрд теңге сомасына өтінім дайындалды. Сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында бірқатар шетелдік инвестормен (Қытай, БАӘ, Түркия, Катар, Сингапур және т. б.) келіссөздер жүргізіліп жатыр, — деп жазылған жауапта.

Бұл қаражат елдің қорғаныс қабілетін күшейту үшін іріктеп алынған жобаларға бағытталмақ.

Отандық қорғаныс кәсіпорындарының дамуын қолдау және ынталандыру үшін Қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылды. Бүгінгі таңда қордың қызметін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық база қабылданып, Қарулы Күштердің артиллериялық оқ-дәрі, зеңбірек, жауынгерлік модуль және т. б. сияқты аса маңызды өнімдерге мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған бірінші кезектегі жобалар пулы жасалды, — деп жазады Премьер-министр.

Фото: Қорғаныс министрлігі  

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады