Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Malim Админ

  • 19.05.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Құрметті консулы, KITA-ның штаттан тыс директоры, Dongkwang Corporation-ның төрағасы Ли Санг Хун бастаған «Dongkwang Corporation», «BLE., Co Ltd», «ETOV» компанияларының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады. Нақтырақ айтқанда, логистикалық хаб, тау-кен өндіру, кабель шығару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды.

Аймақ басшысы экономикалық және іскерлік байланыстарға ашық екенін жеткізіп, Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

– Корея – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі және біздің қарым-қатынасымыз көпжылдық достық пен өзара құрметке негізделген. Ең алдымен, 2024 жылғы қарашада Түркістан облысы делегациясының Корея мемлекетіне сапары аясында өткен бизнес-семинарды ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл іс-шара экономикалық және іскерлік байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Түркістан облысы халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Жарқын мысалдардың бірі – Түркістан облысы әкімдігі мен Кореяның Халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) арасында Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға сапары аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы. Білім беру және технологиялар саласында биыл Түркістан қаласында Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — «Woosong» университетінің филиалы ашылады. Сондай-ақ энергетикалық ынтымақтастық шеңберінде біз «Doosan Enerbility» компаниясымен бірлесіп, облыста қуаттылығы 926 МВт болатын бу-газ электр станциясының құрылысын іске асырып жатырмыз. Өңір табиғи ресурстарға бай және климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Түркістан облысы Корея елімен ынтымақтастықты жалғастыруға және тереңдетуге дайын екенін ерекше атап өткім келеді, – деген Нұралхан Көшеров өзара тиімді және екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға ашық екенін айтты.

Облыста инвестициялық климат жақсарып келеді. Негізгі инвестициялық алаңдар ретінде 15 индустриялық аймақ пен жалпы ауданы 3987,39 гектарды құрайтын «TURAN» арнайы экономикалық аймағы бар. АЭА қатысушыларына әкімдік тарапынан қолдау мен жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі уақытта АЭА-да 129 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 95-і іске қосылған.

Түркістан облысы өңдеуші өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласында үлкен әлеуетке ие. Облыс елімізде уран өндіру бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұдан бөлек, өңірде алтын, күміс, қорғасын, мырыш сияқты 38 түрлі пайдалы қазбаның қорлары бар.

«Dongkwang Corporation» компаниясының төрағасы әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізіп, корпорацияның жұмысымен таныстырды.

– «Dongkwang Corporation» 30 жылдан астам уақыттан бері экспорт пен логистика саласында жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ автокөлік бөлшектері мен жағармай материалдарын жеткізу, кеме бөлшектерін жөндеу, чартер және жеткізу қызметтерімен айналысады. Бүгінде біздің оннан астам елде серіктестеріміз бар. Түркістан облысында да жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деді Ли Санг Хун.

Корей халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) – Оңтүстік Кореяның ең ірі іскерлік ассоциациясы. Ол 70 мыңнан астам компанияны біріктіреді. KITA Оңтүстік Кореяның жаһандық сауда компанияларының мүддесін қорғай отырып, оларды практикалық қолдаумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сауда саласында ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді және осы саладағы мамандарды дайындайды.

Айта кетейік, биыл Түркістанда «C5+Korea» халықаралық форумын өткізу жоспарлануда. Бұл форум Корея Республикасының губернаторлар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылмақ.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды