Үкімет отандық кәсіпорындарды қолдайды, әлемдік компанияларды да тартуға мүдделі

Олжас Бектенов ірі кәсіпорындар жұмысымен танысты

Мәди Саматұлы

  • 15.05.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде өңірдің бірқатар жүйе құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, құрылыс және жылу оқшаулағыш материалдар, ауыл шаруашылығы мен жүк техникасы өндірісін арттыру перспективаларымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-Министр Kazrost engineering Ltd. компаниясы цехтарын аралап көрді. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданған, бағдарламаланатын талшықты-оптикалық лазерлік станоктармен, заманауи табақ ию және құбырбүккіш станоктармен, жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу аппараттарымен, CББ бар жону-фрезерлік жабдықтарымен және өндіріс процесіне қажетті басқа да құрылғылармен жабдықталған. Зауытта жыл сайын мың комбайн мен мыңға дейін трактор шығарылады. Кәсіпорын астықты өңірлердің бірінде орналасқандықтан өндірілетін өнімге сұраныс жоғары. Негізгі тапсырыс беруші – «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

Kazrost Engineering Ltd. басқарушы директоры Дарын Иманмұсаев өндірісті кеңейту және моделдік қатарды ұлғайту жөніндегі алдағы жоспарларын айтып берді. Оның сөзінше, локализацияны тереңдету және қазақстандық қамту көлемін ұлғайту мақсатында кабиналар, көлбеу камералар мен капоттар өндірісі бойынша қосымша цех салынып, заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Қазір жобалау және жобалау алдындағы құжаттама пысықталып жатыр.

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласында машина жасауды дамытуға елеулі серпін беру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта Үкімет отандық кәсіпорындарды қолдауға ниетті, сондай-ақ, Kazrost Еngineering Ltd., Claas және басқаларын мысалға ала отырып саладағы әлемдік жетекші компаниялар өндірісін локализациялауға мүдделі. Осыған байланысты жақын арада осындай кәсіпорындарды қолдаудың, оның ішінде импорттық техниканы субсидиялаудан бас тарту және Қазақстанда өндірілген техникаға субсидияларды арттыру жолымен қолдаудың жаңа құралдары енгізілмек.

Сонымен бірге, премьер-министр Макинск жылу оқшаулау зауытында болып, онда өндіріс барысымен танысып, жабдықтар мен дайын өнімдерді қарап шықты. Кәсіпорын құрылыс индустриясы үшін жоғары экспорттық әлеуеті бар жылу оқшаулағыш материалдар шығарады. Өндірісте италиялық компанияның технологиялық желісі енгізілген. Зауыттың қуаттылығы жылына 34 мың тонна дайын өнім шығара алады. Мұнда базальт негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдардың барлық түрі, соның ішінде сэндвич-панельдеріне арналған плиталар да шығарылады. 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1,4 млрд теңгенің 5 832 тонна минералды мақта плиталары өндірілген.

Зауыттың бас директоры Жасұлан Мұхаметжан өнім қуатын жылына 34 мың тоннадан 50-55 мың тонна дайын өнімге дейін арттыру үшін словакиялық серіктестерімен заманауи центрифугаларды жеткізу жөніндегі бірлескен жоба туралы айтты. Бұдан өзге, жаңғырту аясында қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды қысқарту жоспарланып отыр. Зауыт жаңа технологияларды енгізудің арқасында болашақта қоршаған ортаға теріс әсері жоқ кәсіпорындарға берілетін «жасыл» өндіріс мәртебесін алуға ниетті.

Көкшетауда Үкімет басшысы керамикалық қаптама кірпіш өндіруші жергілікті ENKI кәсіпорнының әлеуетімен де танысты. Бір жыл ішінде өндіріс көлемі 16,5%-ға өсіп, 4,3 млрд теңгеден асқан. Биыл әуелгі екі айда 629 млн теңгенің өнімі шығарылған. Бүгінде зауыт 90%-ға жұмыс істеп тұр. Оның жалпы жобалық қуаты жылына 90 млн кірпішке дейін өндіре алады.

Ресми ақпарат бойынша Ақмола облысында 1290 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 27 ірі, 53 орта және 1210 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларында өңірдің өнеркәсіп өндірісінің көлемі 279,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға ұлғайды. 

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1%-ға өсіп, 204,4 млрд теңгені құрады. Ондағы жалпы көлемнің 16,6%-ы машина жасау саласына тиесілі. Сала қарқынды өсім көрсетіп отыр: өндіріс көлемі жыл басынан бері 3,6%-ға артып, 33,9 млрд теңгені құраған.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

20.11.2024

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

19.11.2024

Екібастұздағы электр стансасының бір блогы істен шықты

15.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

12.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

09.11.2024
MalimBlocks
Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

Премьер-министр Тамақтану стандартын әзірлеудің президент тапсырмасы екенін айтты

Екібастұздағы электр стансасының бір блогы істен шықты

Оған кәсіпорын мұржасындағы ақау себеп болған

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

Онда экология бағыттары бойынша индикаторлар қойылған