Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хит болған шайн мускат жүзімінен нитрат табылды

Экономика
Хит болған шайн мускат жүзімінен нитрат табылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық өсімдіктер карантині орталығында шайн мускат жүзіміне зертханалық сараптама жүргізді. 

Өсімдіктер карантині орталығы жүзімнің құрамында зиян организмдер жоқ деген шешімге келген.  

"Ұлттық сараптама орталығының"  Абай облысындағы Қытаймен шекарадағы филиалы жүзімнің нитрат құрамын зерттеген. Зерттеу нәтижесінде өнімдегі нитрат мөлшері келісіне 13,7 миллиграмм шыққан, бұл осы өнім үшін рұқсат етіледі.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министріне шайн мускат жүзімінің қауіпсіздігі туралы сұрақ қойылған болатын. Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, министр Айдарбек Сапаров Қазақстанға импортталатын барлық өнім міндетті түрде бақылаудан өтетінін айтты. Сонымен қатар, ол өзі бұл жүзімнің дәмін көрмегенін, бірақ қосымша тексеру жүргізуді ұсынғанын жеткізді: "Тағы бір рет тексерейік", – деді министр.

Фото: dzen.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу