ЯФИ: Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін қажетті кадрлық әлеуетке және ғылыми-зерттеу базасына ие

«Ядролық физика институты» РМК бас директоры Саябек Сахиев Үкімет отырысында атом саласы үшін мамандар даярлау барысы және халықаралық ынтымақтастықты дамыту туралы баяндады.

Malim Админ

  • 27.08.2024

Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін қажетті кадрлық әлеуетке және ғылыми-зерттеу базасына ие. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар, деп атап өтті Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев.

Институт бүгінгі таңда ҒЗТКЖ-ның толық циклін: іргелі зерттеулерден бастап өнім өндіруге дейін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым болып саналады. Жұмыс 30-дан астам шетелдік әріптестермен жүргізілуде, Қазақстан мен АЭС үшін кадрлар даярлайтын I2EN француз консорциумы арасында Кадр даярлау жөніндегі меморандумға қол қойылды.

МАГАТЭ және шетелдік серіктестердің қолдауымен 3 оқу орталығы жұмыс істейді, олардың негізінде Қазақстанның атом саласы үшін 5 мыңнан астам маман даярланды. Бұл ретте АЭС үшін тек 1 400 адам қажет.

Ядролық физика институтының басшысы атом энергетикасы қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталып, ұсынылған екі тізбекті су-су АЭС ең қауіпсіз болып саналатынын атап өтті. Атом электр стансасының алғашқы түрі 1957 жылы салынды, бұл тұрғыда қазір жұмыс істеп тұрған 416 стансаның жартысынан көбі – дәл осындай түр. Олардың барлығы штаттық режимде, ешқандай оқыс оқиғаларсыз жұмыс істеп жатыр.

«Біздің Институттың базасында 57 жыл бойы осындай ядролық зерттеу реакторы жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде ғалымдар мен инженерлердің үш ұрпағы ауысты. Осы уақыт ішінде бірде-бір оқиға болған жоқ. Біз бұл реакторлардың ең қауіпсіз түрі екенін растаймыз. Тағы бір мысал келтірейін. Біздің ядролық зерттеу реакторымыздың жанында Алатау шағынауданы орналасқан. 80-жылдардың басында онда 4 мыңнан астам адам тұрды, қазір шағын ауданның халқы 15 мыңнан асты. Екі жыл бұрын біз 50 еріктіге жеке детекторларды тараттық. Бүгінгі таңда фондық көрсеткіштерден асып кетудің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, бұл реакторлардың осы түрінің радиациялық және экологиялық қауіпсіздігін тағы да растайды», — деп атап өтті С. Сахиев.

Сарапшының пікірінше, атом энергетикасын дамыту елімізді электрмен жабдықтаудың өзекті мәселелерін шешіп қана қоймай, Қазақстанға жоғары білікті инженерлердің, ғалымдар мен мамандардың тұтас буынын өсіруге, сондай-ақ отандық ғылымға қуатты серпін беруге тарихи мүмкіндік ашады.

Фото. Үкімет
 

Байланысты жаналықтар

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

20.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

12.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

09.11.2024

Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды

07.11.2024

Үкімет алдағы 3 жылда қарыздарға 7,2 трлн теңге жұмсайды

07.11.2024
MalimBlocks
Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

Онда экология бағыттары бойынша индикаторлар қойылған

Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды

Жылдағы су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша дайындық шаралары жүргізілуде

Үкімет алдағы 3 жылда қарыздарға 7,2 трлн теңге жұмсайды

2024 жылы үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге 2,02 трлн теңге сомасында шығыстар көзделген