Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екпе алмаған балалардың 83 пайызы қызылша жұқтырған

Денсаулық
Екпе алмаған балалардың 83 пайызы қызылша жұқтырған

Жыл басталғалы ел аумағында 64 рет қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлім етті,- деп хабарлайды Malim.kz. 

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға 5 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлеріне қосымша жаппай иммундау жүргізу ықпал етті. Оның шеңберінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина сатып алуға Үкімет резервінен бөлінген қаражат (4,6 млрд теңге) есебінен 1,5 млн адам екпе алды. Бұл аурушаңдық деңгейін 99,2 %-ға төмендетуге мүмкіндік берді, - деді Сархат Бейсенова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 64 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді.

Қызылша екпе алмаған балалар есебінен тіркелді. Бұл –сырқаттанған балалар санының 83%-дан астамы. Бүгінде жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында елде көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, яғни сырқаттану жағдайы 73%-ға төмендеу үрдісі байқалады. Жыл басталғалы көкжөтелдің 55 жағдайы тіркелді, - деп толықтырды комитет басшысы.

Фото: Pixabay

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу