Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс беру басталды

Саясат
Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс беру басталды

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес бүгін, 6 қазанда сағат 07:00-дегі жағдай бойынша барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 84 учаске комиссияларының қабылдаған шешімдеріне сәйкес оларда дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталған.

Айта кетейік, референдумда жалпы саны 12 244 683 азамат дауыс бере алады.

Аумақтық комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 10 623 есептен шығару куәлігін берген.

Республикада 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде еліміздің шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан.

Фото: election.gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу