Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде бір күнде 400-ден астам адам қар құрсауында қалған

Оқиға
Елімізде бір күнде 400-ден астам адам қар құрсауында қалған

Өткен тәулікте ел аумағында қар құрсауынан 400-ден астам адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, өткен тәулікте ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты Қазақстанның автожолдарында ТЖМ  416 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылып, эвакуацияланған. Сондай-ақ, 42-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылған.

11 өңірдің аумағында қалыптасқан күрделі метеорологиялық жағдайдың нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 38 учаскесінде және облыстық маңызы бар 31 учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілген.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу