Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қоғам
Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Malim.kz.

2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны болды, – делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасында.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы – 552 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 315 техника мен 336 адам жұмылдырылған.

Фото: zhaikpress.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу