Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

Әлем
Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара үшін Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігі даусыз болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Сондай-ақ ол Түркияны Ресей қатысатын кез келген ықтимал бейбіт келіссөздерге қолайлы алаң деп атады.

Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздерден кейін Анкарада өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі соңғы дипломатиялық бастамасы Түркияның басқыншылық басталғалы бері жүргізіп келе жатқан саясатына сәйкес келетінін атап өтті.

Ал Зеленский Сауд Арабиясына сәрсенбіге жоспарланған сапарын 10 наурызға шегергенін мәлімдеді. Ол Украинадан жасырын түрде соғысты тоқтату туралы ешқандай келіссөздер жүргізілмеуі тиіс екенін айтты.

Украина президентінің айтуынша, әділ бейбітшілік орнату үшін Киевтің қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі келіссөздерге АҚШ, Украина және Еуропа қатысуы қажет.

Кейін Reuters агенттігінің дереккөзі сейсенбі кешке АҚШ президентінің Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Киевке аттанғанын хабарлады.

Фото Адема АЛТАНА / AFP

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу