freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ертеңнен бастап еліміздің кей өңірлерде күн күрт салқындайды

Қоғам
Ертеңнен бастап еліміздің кей өңірлерде күн күрт салқындайды
Фото: ru.elordainfo.kz

Қазақстанда жаздың соңғы күндері ауа райы құбылмалы болады. 27-29 тамызда елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстіктен келетін циклон мен атмосфералық фронттар ел аумағының көп бөлігінде жауын-шашынды ауа райын қалыптастырады. Кей жерлерде жаңбыр қатты жауып, желдің екпіні күшейеді.

Ал батыс өңірлерге Скандинавия антициклоны әсер етеді. Ол шығысқа қарай жылжыған сайын жауын-шашынсыз аумақтың көлемі де ұлғаяды.

Қай өңірлерде күн суытады?

Алдағы күндері бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

батыста – +16...+24 градус;
солтүстікте – +12...+20 градус;
орталықта – +17...+25 градус.

Шығыс Қазақстанда, керісінше, күн жылы болады. Онда ауа температурасы +23...+30 градусқа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жазғы ыстық әлі де сақталады. Бұл аймақтарда жауын-шашын болмай, күндіз ауа температурасы +30...+37 градусқа дейін жетеді.

Осылайша, тамыздың соңғы күндерінде Қазақстанның бір бөлігінде салқын әрі жаңбырлы ауа райы орнаса, оңтүстікте аптап ыстық жалғаса береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу