Астанада Сарайшық ауданындағы «Арыс» көпірінің астында ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болып, өздігінен жағаға шыға алмай қалған, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнында кезекшілікте болған ТЖМ ОСО құтқарушылары жағдайға жедел әрекет еткен. Мамандар ер адамды құтқару шеңберінің көмегімен судан алып шықты.
Құтқарылған азамат 1985 жылы туған. Оны судан шығарғаннан кейін медициналық қызметкерлерге тапсырды.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.