Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Әлем
Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Францияның "Ұлттық бірлестік" (RN) партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Марин Ле Пен мен Еуропарламенттің сегіз депутаты және 12 парламенттік көмекшісі заңсыз қаражат жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Париждің түзету соты шығарған үкімге сәйкес:

Марин Ле Пен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, оның 2 жылы шартты жаза ретінде есептеледі.

Қалған 2 жыл ішінде ол электронды білезік тағуға міндеттелді.

Сондай-ақ, оған 5 жыл бойы кез келген сайлауға түсуге тыйым салынды.

Бұл шектеу сот шешімі жарияланған сәттен бастап күшіне енеді, тіпті Ле Пен апелляцияға берсе де. Осылайша, ол 2027 жылғы Франция президенттік сайлауына қатыса алмайды.

"Ұлттық бірлестік" (бұрынғы "Ұлттық фронт") партиясының басшылығына қатысты тергеу 2024 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Істе барлығы 27 адам айыпталды.

Олардың қатарында:

  • Марин Ле Пеннің әпкесі Ян,
  • Бұрынғы серіктесі Луи Алио,
  • Әкесі Жан-Мари Ле Пен (96 жаста, 2025 жылдың қаңтарында қайтыс болды).

Айыптау бойынша, партия заңсыз қаржыландыру схемасын қолданған:

Еуропалық Одақтың бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау,

Еуропарламент депутаттарының көмекшілерін жалған жұмысқа алу.

Сот анықтаған заңсыз жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі – 7 миллион еуро.

Бұл айып бойынша ең ауыр жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Фото: Stephanie Lecocq/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу