Freedom Holding Corp. 2026 фискалдық жылғы III тоқсанның қаржылық нәтижелерін жарияларды, компания үшін ол 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.
|
|
2026 ф.ж. III тоқсан (2025 к.ж. қазан-желтоқсан) |
2026 ф.ж. 9 ай (2025 к.ж. сәуір-желтоқсан) |
|
Түсім |
628,6 млн АҚШ доллары |
1 688 млн АҚШ доллары |
|
Салыққа дейінгі пайда |
93,9 млн АҚШ доллары |
195 млн АҚШ доллары |
|
Таза пайда |
76,2 млн АҚШ доллары |
145,4 млн АҚШ доллары |
|
Бір жай акцияға шаққандағы пайда* |
1,27 АҚШ доллары |
2,43 АҚШ доллары |
Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры: «2026 фискалдық жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. одан әрі орнықты дамуда. Өзгермелі макроэкономикалық орта мен жаңа реттеуші талаптар жағдайында да біз өтімділіктің жоғары көрсеткіштерін сақтап, клиенттер санын тұрақты түрде арттырып аламыз. Бұл икемді стратегия мен инновацияға деген ашық тәсілдің арқасында мүмкін болып отыр. Біз өз клиенттеріміз бен акционерлеріміз үшін ұзақ мерзімді құндылық жасап, олардың сенімін сақтап, олармен бірге даму үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз».
2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған үш айдағы қаржылық нәтижелерге шолу**
Компанияның жиынтық түсімі былтырғы жылдың ұқсас кезеңіндегі 664,6 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 2026 қаржы жылының III тоқсанында 628,6 млн АҚШ долларын құрады. Түсімнің серпіні қайта сақтандыруды шегере отырып алынған сақтандыру сыйлықақысының төмендеуіне, сауда бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардан таза қаржылық нәтиженің төмендеуіне, сондай-ақ комиссиялық кірістің қысқаруына байланысты. Аталған нәтиженің осылай төмендеуі ішінара шетел валютасымен жасалатын операциялар бойынша таза пайданың өсуімен өтелді.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаражат пен оның баламасының, шектеулі қаражат пен инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі 6,6 млрд АҚШ долларын құрады, жиынтық активтер 12,4 млрд АҚШ долларын, ал акционерлердің меншікті капиталы 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Операциялық қызметтен келіп түскен таза ақша ағыны 1,7 млрд АҚШ долларына жетті.
Freedom Holding Corp. компаниясының құрамына кіретін компаниялардың клиенттерінің жалпы саны 7,2 млн-ға дейін өсті, оған 2026 ф. ж. ІІІ тоқсандағы барлық бизнес сегмент бойынша клиенттер қорының өсуі кіреді: брокерлік шоттар – 828 мың (145 мыңнан көп), сақтандыру компанияларының клиенттері – 1,2 млн (8 мыңнан көп), көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар – 4,5 млн (1,956 мыңнан астам), Freedom SuperApp-ты пайдаланушылар - 4,3 млн (1,2 млн-нан көп), қаржылық емес компаниялардың клиенттері – 697 мың (92 мыңнан көп).
Freedom экожүйесінің периметрі бойынша серіктес компаниялардың пайдаланушыларын ескере отырып, клиенттердің жалпы саны 11 млн-нан асады.
Қайта сақтандыруды шегергендегі сақтандыру сыйлықақысы салыстырмалы кезеңде 177,5 млн АҚШ долларына қарағанда 106,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл реттеуші банктік және микроқаржылық өнімдерге байланысты полистер жөніндегі комиссияға енгізген лимитке байланысты болды, бұл жаңа бизнестің көлемін қысқартты.
Сауда-саттық бағалы қағаздары бойынша таза пайда 89,6 млн АҚШ долларына қарағанда 43,5 млн АҚШ долларын құрады, мұндай төмендеу Компания 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша иелік еткен бағалы қағаздар бойынша позициялар құнының төмендеуіне байланысты іске асырылмаған таза шығынға байланысты.
Шетел валютасымен жасалатын операциялар бойынша таза пайда қайта есептеуден келіп түскен пайда есебінен 3,9 млн-мен салыстырғанда 45,8 млн-ға дейін ұлғайды, бұл негізінен АҚШ долларына және басқа валюталарға қарағанда қазақстандық теңге бағамының нығаюына байланысты.
Жалпы шығыс 2026 қаржы жылының III тоқсанында 566,3 млн АҚШ долларына қарағанда шамамен 534,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл комиссиялық шығыстың, сақтандыру төлемдерінің, қайта сақтандыруды шегергендегі және күтілетін кредиттік шығын резервінің төмендеуімен байланысты.
2025 жылғы қазан-желтоқсан айларында «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы орнықты даму жобаларын іске асыруға 18,8 млн АҚШ доллары жіберілді.
2025 жылғы 6 қарашада Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан Республикасының Үкіметі, OpenAI, Inc. және Freedom Holding Corp. арасындағы стратегиялық келісімге қол қою маңызды оқиға болды. Құжатта Қазақстанның 165 000 педагогына конфиденциалдылық пен деректерді басқару тетіктері күшейтілген Chatgpt арнайы білім беру нұсқасы саналатын ChatGPT Edu-ды пайдалану мүмкіндігін ұсыну көзделеді. Келісім шеңберінде Freedom Holding Corp. бастаманы қаржыландыруды қамтамасыз етеді, OpenAI ChatGPT Edu платформасын, қазақ және орыс тілдерінде жергілікті қолдау қызметін ұсынады, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының деңгейінде үйлестіруді жүзеге асырады.