Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят дүниеден озды

Спорт
Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят дүниеден озды

Қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров 91 жасында дүниеден озды. Бұл хабарды жазушы Өміржан Әбдіқалық жеткізді.

«Құлагердің тұяғы ғой, өмірден озыпты, 91 ге қараған шағында. Иманы жолдас болсын!» деп жазды Ө. Әбдіқалық фейсбук парақшасында.

Ілияс Жансүгіров 1929 жылы Бәтима Ахметқызы Төребаеваға сүйіп қосылады. Ол 1911 жыл туған. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының қызы. Мамандығы - казақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Ілияс Бәтима Төребаевамен екі жыл отасады, одан екі перзент көреді. Бірі - Саят Жансүгіров 1930 жылы ақпанда туған және қызы Сайра. Бірақ Сайра ерте қайтыс болған екен.

Бәтима Төребаевадан кейін Ілияс 1931 жылы Фатима Ғабитованы алған еді. Одан үш перзент сүйген. Үміт, Ильфа және Болат.

Саят Ілиясұлы әке мұрасын үнемі насихаттап, ие болып жүретін. Әкесі туралы баспасөз бетіне жиі сұхбат беретін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу