Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениеті университетінде өткен дәріс кезінде түсірілген видео қызу талқылануда. Бейнежазбада Нұржан Смағұл есімді имамның педофилия тақырыбында айтқан пікірі қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.
Имам дәріс барысында тыңдаушыларға:
«Педофилдің болуы – Алланың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер Алла болмаса, адамның қалауы орындалар еді, солай ма?» — деген пікір білдірген.
Бұл сөз әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырып, көптеген қолданушылар имамның мәлімдемесін айыптады. Пікір қалдырғандардың басым бөлігі оның жазалануы немесе теріс пікірін түсіндіруі қажет екенін айтып отыр.