Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіруге мүдделі

Экономика
Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіруге мүдделі

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР елінің ірі Funde Holding Group Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіру жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Бұл өңірге шамамен екі миллиард АҚШ доллар инвестиция тартуға және жаңадан мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қытай елінің компаниясы халықаралық тәжірибеге ие және бүкіл әлем бойынша ауқымды энергетикалық бастамаларды жүзеге асырып келеді. Инвесторлар жобаны жүзеге асырмас бұрын ауданның климаттық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларына терең талдау жасаған. Кездесу аясында ынтымақтастықтың алдын ала жоспары, сондай-ақ жобаны талқылауға бейінді басқармалар мен сарапшылардың қатысуы келісілді.

«Жобаның жүзеге асуы Зайсан ауданының тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, өңірдің табиғи газ өндіру әлеуеті күшейеді. Ол өз кезегінде аймақ экономикасының дамуына оң әсер берері сөзсіз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуы бағытындағы стратегиялық әріптестіктің тағы бір маңызды кезеңі болды.

Фото: ШҚО әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу