Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәрім Мәсімов пен экс-орынбасарларының ісі сотқа жетті

Саясат
Кәрім Мәсімов пен экс-орынбасарларының ісі сотқа жетті

Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі қарап,  тергеу органының айыптау актісін бекітті


Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.  

Айыпталушылар К.Қ. Мәсімов (ҰҚК бұрынғы төрағасы) және А.Т. Садықұлов (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттігін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану    баптары бойынша сотқа берілді.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Е. Ерғожин билікті күшпен басып алғаны, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары М.С. Осиповке, ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары Д.М. Акиповқа және ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы  Н.К. Бекмуратқа  Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іс «өте құпия» белгісімен тергелген және сотта да осы тәртіппен қаралады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу