Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәрізге құлап қайтыс болған балаға қатысты балабақша директоры мен тәрбиеші сотталды

Құқық
Кәрізге құлап қайтыс болған балаға қатысты балабақша директоры мен тәрбиеші сотталды

Атырауда өткен жылы қайғылы оқиға болған «Чебурашка» балабақшасының директоры мен тәрбиешісіне сот үкім шығарды.


Orda.kz жазуынша, іс материалдарына сәйкес, жеке меншік балабақша 2023 жылдың мамыр айында ашылған. Бір жылдан кейін қайғылы жағдай болып,  балалардың бірі қараусыз қалып, ашық тұрған кәріз құдығына құлап, қайтыс болған. 

«Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындады. Баланың өліміне олардың қатысы оқиға орнын тексеру хаттамалары, фототіркеу материалдары, куәгерлердің айғақтары және басқа да іс материалдары арқылы дәлелденді»,  деп мәлімдеді сот.

Нәтижесінде, сот директор мен тәрбиешіні ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша («Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Алайда, ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, шартты жаза тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.  

Фото: sadaqmedia.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу