Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

Оқиға
Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

Әскерде жүргенде соққыға жығылып, комаға түскен Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді.

Бұл туралы сарбаздың қорғаушысы Инга Иманбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Ербаян Ыстамбұлға жолға шықты. Бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Осы күнге жету оңай болған жоқ. Еңбекен, тоқтаусыз күреспен келді. Бұл кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Үлкен жеңістер әлі алда. Сенің бар өмірің алда. Еліңе аман-есен өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз, - деп жазды Инга Иманбай.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар былтыр желтоқсанда әскерде жүргенде жұмбақ жағдайда басы жарылып, комаға түскен. Ресми ақпарат бойынша, ол әжетханада құлап, басынан ауыр соққы алған.  Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ал жарты жылдан астам уақыт төсек тартып жатқан Ербаянды шетелде емдету үшін адамдар қаражат жинай бастады. 

Фото: stan.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу