freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері жетілдіріліп жатыр

Қоғам
Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері жетілдіріліп жатыр
Конституциялық сот

Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді. Жұмыс топтары құқықтық нормалардың тұжырымдарын оңтайландыру және олардың мазмұнын баршаға түсінікті ету мақсатында қажетті шаралар қабылдап отыр. Терминдік және семантикалық бірізділікті қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатыр. Осылайша, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі бөлімдерінің мамандары, Коституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, Халықаралық «Қазақ» тілі қоғамы, жаңа Ата заң мәтіні жобасына жұмылдырылған лингвист мамандар тарапынан берілген ұсыныстардың негізінде редакциялық, стилистикалық түзетулер жүргізілді, - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай түзетулер бірнеше нормаға енгізілген.

- Мысалы, Преамбулада «Ұлы даланың мың жылдық сабақтастығын сақтап» деген сөздер «Ұлы даланың мыңдаған жылдық сабақтастығын сақтап деп өзгертілді. Мәтін бойынша «неприкосновенность» термині сан рет кездеседі. Қазақ тілінде ол «қол сұқпау», «қол сұғылмауышылық» деп алынып отыр, - деді Бақыт Нұрмұханов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу