Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Контрабандамен жеткізілетін көліктер азаймай тұр

Құқық
Контрабандамен жеткізілетін көліктер азаймай тұр

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров елге заңсыз кіргізіліп жатқан көліктерге қатысты мәселе көтерді.

Өзіміздің ішкі нарықты шетелден келген әртүрлі қоқыстан қорғау керек деп ойлаймын. Түрлі ақпарат бойынша қазір біздің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен Қазақстанға үшінші елден контрабандамен жеткізілетін автомобильдер кіріп жатыр. Қазақстанға оң рөлді автокөліктерді кіргізуге тыйым салынған. Дегенмен, екі жыл ішінде елімізге 56 мың автомобиль жеткізілген және одан Қазақстанға 70 млрд теңге залал келді деген ақпарат бар. Тағы бір бейресми мәліметке сүйенсек, көршілеріміз арқылы елімізге Жапониядан оң рөлді автокөліктер бөлшек ретінде кіріп, Қазақстанда қайтадан құрастырылып, оған осында жаңа құжаттар дайындалады. Бұдан қомақты залал келеді деген пікір айтылып отыр. Осы жөнінде Үкімет біле ме?, - деп сұрады Е. Саиров.

Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осы жөнінде тиісті тексеру жасауға тапсырма беруге дайын екенін айтты.

Жалпы айтқанда, ондайды естігеніміз бар. Бөлшек ретінде әкеліп, осында конструктор етіп жинайтыны айтылды. Бірақ 56 мың көлік деген өте көп және ондай деректі естіген жоқпыз. Осыншама көлік кіргізілсе, көрінетін еді. Сіздің мәліметтерді ескеріп, өкілетті органдарға тапсырма береміз. Олар тексереді, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Фото: Ұлттық статистика бюросы


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу